Алматы облысында Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған шаралар өтіп жатыр

11:02, 26 сәуір 2019   206

Соңғы жылдары ақынның біршама еңбегі табылып, жарияланған. Шараға жиналған меймандарға сол шығармалар да таныстырылды. Алдағы уақытта Алматы облыстық әкімдігінің қаржылай қолдауымен ақынның 25 томдығы жарық көреді.

Ілиястанушы Мұратбек Иманғазиновтың айтуынша, Жансүгіровтың репрессияға ұшырауына байланысты біраз еңбегі жоғалып кеткен. Оның ішінде «Рүстем қырғыны», «Мұзқала», «Исатай-Махамбет» пьесасы, «Мақпал» атты туындыларының бірі бар болса, біреуі мүлдем жоқ. Сол кітаптардың бірқатары көптомдыққа енеді.