«Алтын дауыс» дикторлар байқауының алғашқы кезеңі аяқталды

Күндізгі жаңалықтар (16:00)


16:22, 5 желтоқсан 2018   21

Күндізгі жаңалықтар (16:00)

 

«Qazaq Radiolary» серіктестігі жариялаған «Алтын дауыс» дикторлар байқауының алғашқы кезеңі аяқталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 446 қатысушының арасынан 15-і екінші кезеңге жолдама алды.

Енді іріктеліп алынған 15 үміткер үшін «Qazaq Radiolary» серіктестігі желтоқсанның 10-ы мен 14-і аралығында арнайы шеберлік сабақтарын ұйымдастырады. Шеберлік сабақтары бойынша жоғары нәтиже көрсеткендер «Алтын дауыс» байқауының финалына өтеді.

Астана радиосы