Елордалықтардың дауыс беретін сайлау учаскелері белгіленді

08:50, 26 сәуір 2019   295

Қалалық сайлау комиссиясы astana.gov.kz сайтында ұсынған кестеден тұрғындар өздерінің тұрғылықты жері, яғни көше және шағынауданы бойынша 9 маусым күні дауыс беретін сайлау учаскесін көре алады. Н

Нұр-Сұлтанда барлығы 239 сайлау учаскесі құрылды. Әр қала тұрғыны өз сайлау учаскесін әкімдік сайтындағы сілтеме арқылы таба алады. Сонымен қатар, елорда тұрғындары өз сайлау учаскесіне қатысты мәліметтерді іКomek қызметінің 109 нөмірі, Smart Astana мобильдік қосымшасы, Telegram-дағы @smartastana_bot чаты арқылы біле алады.