Әмен Қайдар – алғашқы анимациялық кинорежиссер

«Біздің уақыт» хабары

15:23, 28 қараша 2019   47

Студия қонағы: Қазақстандық анимациялық киностудиялар қауымдастығының президенті, анимациялық кинорежиссер және «Әмен» анимациялық кинофестивалін ұйымдастырушылардың бірі – Жәнібек Нұрбекұлымен «AMEN Animation film festival» жайында қызықты сұхбат өрбіді. 

Нұр-Сұлтан қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылатын жобаның тарихы, құндылығы, мақсаты жайында ақпараттармен бөліскен Жәнібек мырза елорда тұрғындарын 11 желтоқсанда «Сарыарқа» СОСО-да өтетін кинофестивальге шақырды.

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Әмен» анимациялық кинофестиваліне өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдер үш бағыт бойынша 2 желтоқсанға дейін қабылданады:

1. Анимациялық фильмдердің жалпы конкурсы (2014-2019 жылдар аралығында түсірілген барлық анимациялық фильмдер қабылданады);

2. Студенттік жұмыстар конкурсы (2014-2019 жылдар аралығында түсірілген студенттердің дипломдық және курстық анимациялық жұмыстары қабылданады);

3. Комикстер конкурсы (Фестиваль күні арнайы берілген тақырып негізінде жасалған комикстердің конкурсы. Бұған тіркелуден өткен (тіркелу үшін amenfilmfestival@gmail.com) барлық суретші-мультипликаторлар қатыса алады).

«Сарыарқа» СОСА-да 11 желтоқсанда өтетін «Әмен» анимациялық кинофестивалі аясында: 

- Фестиваль қонақтарының шеберлік сыныптары мен кездесулері;

- Елордалық Қазақ ұлттық өнер университеті мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің компьютерлік-графикалық картиналарының, сондай-ақ киностудиялар мен анимациялық оқыту орындарының көрме жәрмеңкесі;

- Анимациялық кино өнеріне байланысты жаңа технологиялардың көрмесі;

- Елордалық мектеп оқушылары мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған "Күлтегін", "Мұзбалақ" толық метрлі анимациялық фильмдерінің тегін көрсетілімі ұйымдастырылады.

«Біздің уақыт» бағдарламасының жүргізушілері: Ақмарал Көкенайқызы және Нұртас Нұрғали.

Бағдарламаның толық нұсқасын мұрағаттан және төмендегі сілтемеден тыңдай аласыз.

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1051693