Түркістан облысында үш биге ескерткіш орнатылды

18:26, 24 сәуір 2019   217

Ұлы дала даналарының бірі - Әйтеке би Бәйбекұлының 375 жылдық мерейтойына орай, Түркістан облысында ұлттың Ұлы билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге ескерткіш орнатылды.

Халықаралық «Жеті жарғы» және «Қожаберген жырау» қайырымдылық қоры Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында Шымкент-Ташкент халықаралық күре жолының бойындағы «Бабалар рухына тағзым» кешеніне Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге биік тас тұғыр үстіндегі айбынды ескерткіштерін орнатты. Ескерткіш Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы комиссиясының шешіміне сәйкес, құзырлы органның бұйрығымен бекітілді.

egemen.kz