Жаңалықтар

Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

16:00, 27 қараша 2019   48

Бүгін Бішкекке мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков «Ата-Бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекет басшылары қуғын-сүргін құрбандарының монументіне гүлдестесін қойды. Осыдан кейін екі ел Президенттері әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне барып, марқұмның рухына құран бағыштады. Қазақстан Президенті мемлекеттік сапары кезінде екі жақты  келіссөздерге қатысады. Одан кейін екі ел делегацияларының қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің кезекті бесінші отырысы өтеді.

***

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл сыйлық жастарға ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін беріледі. «Дарын» сыйлығы Үкімет қаулысымен 10 номинация бойынша тағайындалады. Оның ішінде «Эстрада»,  Классикалық музыка, Халық шығармашылығы, Әдебиет, Театр және кино, Спорт, Дизайн және бейнелеу өнері, Журналистика, Қоғамдық қызмет, Ғылым аталымдары бар. Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 2019 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 600 мың теңге мөлшерінде белгіленген.

***

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының 16-шы сиезінде партия төрағасысы болып Әли Бектаев қайтадан сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиында партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп, жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Айта кетейік, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы осыдан төрт жыл бұрын Қазақстан социал-демократиялық партиясы мен Қазақстан патриоттар партиясының бірігуі нәтижесінде құрылды. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде 17 филиалы жұмыс істейді. Партияның міндеті - фермерлер мен ауыл еңбеккерлерінің, барша қазақстандықтардың мүддесін білдіру. Соңғы ақпарат бойынша партияның 298 мыңнан астам мүшесі бар.

***

"Заң" медиа-корпорациясы құрамындағы "Заң газеті" мен " Юридическая газета" басылымдарына - 25 жыл! Бүгін серіктестік әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Заң факультетімен бірлесіп, "Қазақстандағы құқықтық мәдениеттің қалыптасуындағы баспасөздің рөлі" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуде. Шара жайында "Заң газетінің" 2001-2005 жылдардағы бас редакторы Шарафаддин Әміров айтты.

http://astana.fm/ru/archive/programs/adebi-sazdy/zhanalyqtar/1051485