Жаңалықтар

Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

12:00, 29 қараша 2019   41

Еуропалық Одақ / Орталық Азия елдеріне 28 млн еуро инвестиция салады. Бұл туралы Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлсон мәлімдеді деп жазады инбизнес кз сайты. Қомақты қаражат Орта Азия елдерінің тұрақтылығы мен дамуы, аймақтық байланыстарды арттыру, заң үстемдігі мен сауда-саттықты ұлғайту мақсатына жұмсалмақ. Бұл үшін Нұр-Сұлтанда алғаш рет Орталық Азия елдерін дамытуға арналған үшжылдық бағдарлама қабылданды.  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы өкілдерінің айтуынша, Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында тұрақты дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекет.

***

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Әбіш әлемі» оқу конгресі өтіп жатыр. Шара  Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдың мерейтойына орай өткізіп отыр. Шараның мақсаты – Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын насихаттап, қазақ әдебиетінің құндылықтарын халықаралық ғылыми жүйеге сіңіру. Жазушының 80 жылдығына орай Тәуелсіздік сарайында «Әбіш әлемі» фотогалереясы ашылды. Көрмеде жазушы кітаптарының цифрлық көшірмелерінің QR кодтары мен жеке мұрағаттағы фотосуреттері ұсынылған. Бүгінгі әдеби кездесуде жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімелер айтылады. Ауқымды шара «Шыңырау» көркем фильмімен басталды.

***

Осло қаласының  Әдебиет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының норвег тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.  «Бейбітшілік кіндігі» кітабы тек ядро­лық сынақтардың тарихы мен Қа­зақ­­станның ядролық әлеуетін бөлшек­теу туралы ғана емес, ол адамзатты ядролық қа­ру­дан азат әлем құру туралы ойға же­­телейді», – деді тұсаукесер барысында Қа­зақстанның Норвегиядағы елшісі Еркін Ақынжанов. Мәтінді норвег тіліне халық­аралық саясаттанушы және кәсіби аудар­машы Николай Геров аударды.

***

Елордада Республикалық «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалінің қорытындысы шығарылды. Түрлі өңірден келген 300 жас патриоттар өз өнерлерін көрсетті. «Аспаптық орындау» номинациясында Ақтөбе қаласы «Жас Ұлан» үрмелі оркестрі үздік деп танылса, «Фольклор» номинациясында «Балбырауын» ансамблі, «Вокалдан» Эльзара Кураисова бірінші орынды иеленді. Фестивальдің басты сыйлығы, Гран-при «Арыстан» мамандандырылған лицейінің «Авангард» ансамбліне бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар, «Жас Сарбаз» мүсіншелері мен дипломдар берілді.

***

Жапония астанасы Токиода батуттағы гимнастикадан 34-ші әлем чемпионаты өтуде.  2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия беретін турнирде қазақстандық спортшылар іріктеуден өте алмады.  Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені тіркеген Данил Мұсабаев. Ол 31-ші орынға тұрақтады. Пирмаммад Алиев 38-ші, Данияр Түсіпов 79-шы, Игорь Грачев 96-шы сатыда. Әзірге Беларусь және Қытай спортшылары көш басында тұр.  Айта кетейік, батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында 1 мен 8-ші орындар арасындағы спортшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі.   

https://astana.fm/ru/archive/programs/adebi-sazdy/zhanalyqtar/1052436