Жаңалықтар

Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

12:00, 26 қараша 2019   54

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Марат Мұханбетқазыұлы 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, экономист мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Президенn көмекшісі, Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Мемлекеттік хатшысы қызметтерін атқарған.

***

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек қатынастарын реттеу мәселелері қаралды. Үкімет басшысы биыл қабылданған Өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі жол картасын іске асыруды жандандыруды, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға назар аударуды тапсырды.  Қазақстанда 6 млн-нан астам жалдамалы қызметкер жұмыс істейді. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы бір жарым есеге – 42 500 теңгеге дейін өсті.

***

Еңбек дауларының себептерін талдау және тиісті шараларды іздестіру арқылы даулардың алдын алуға болады дейді. Кәсіподақар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов. Биылғы  қыркүйек-қараша айларының өзінде 19 ұжымдық еңбек дауы қаралған. 

***

Сыртқы істер министрі Гонконгке баратын туристерге сәл кідіре тұруды сұрады. Оның сөзінше, Гонконг орталығында көліктердің жүруі тығыз болып жатыр. Шеру, полициямен қақтығыс–университет жақтарында. Жалпы, біздің Бас консулдығымыз орналасқан жер, басқа аудандар тыныш. «Гонконг қаласы полициясының қазақстандық дипломаттарға ұсынған ақпаратына сәйкес, 18 қараша күні наразылық танытушылармен қақтығыс барысында Қазақстан азаматы, Гонконг Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр ұсталған. Консул азаматымызға барды, оның денсаулығы тұрақты, оң қолында құлағат сәтте алған аздаған жарақаты бар. Ұсталу жағдайына ешқандай шағымы жоқ», - делінген министрліктің ақпаратында.

***

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы жылы аялдамалардың жағдайымен танысты. «Жылуы жоқ аялдамалар анықталады. Соның бірі – Республика даңғылымен қиылысатын Сейфулин көшесіндегі «Жастар сарайы« аялдамасы. Қала бойынша осындай аялдамаларды тексеріп шығу аудан әкімдеріне тапсырылды», – деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында. Сондай-ақ ол тұрғындардан осындай олқылықтары бар аялдамаларды байқаса нақты орналасқан жерін айтуды сұрады. «Қала тұрғындарына жайлы болу үшін көбірек жылы аялдамалар салуды жоспарладық», – деді Алтай Көлгінов.

***

Тынық мұхитының Мариан аралдары аймағында осы айдағы алтыншы тайфун пайда болып, сағатына 35 шақырым жылдамдықпен Филиппинге жақындап келеді. Бұл туралы Жапонияның ұлттық метеорология басқармасы хабарлады. Ведомство кеме иелері мен капитандарын осы аймақтағы барынша қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыруда. Синоптиктердің айтуынша, қазірдің өзінде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді әрі біртіндеп артуы мүмкін. Тайфун биыл Тынық мұхитта пайда болған 28-ші сұрапыл дауыл. Бұған дейін қараша айында алты мәрте тайфун болғаны бұрын-соңды тіркелген емес. Метеорологтардың сөзіне қарағанде, әдетте Тынық мұхиттағы тайфундар жазда және күздің басында болады.   

http://astana.fm/ru/archive/programs/adebi-sazdy/zhanalyqtar/1050987