Жаңалықтар

Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

16:00, 26 қараша 2019   49

Мемлекеттік қызметшіге жұмыста смартфон пайдалануға рұқсат беретін қаулыға қол қойылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында айтты. «Мемлекеттік органдар орналасқан ғимарат иелері полиция органдарымен бірге нұсқаулыққа қол қоюы тиіс. Осыдан кейін ғана мемлекеттік қызметкерлер ғимаратта смартфондарды қолдана алады», - деді министр. 

***

Зейнетақы жинағына баспана алу бойынша түпкілікті шешім желтоқсан айында шығады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте осылай деді.  Оның айтуынша, бүгінде елімізде халықтың 70 пайызының жинаған зейнетақысы – 1 миллион теңгеге дейін ғана.

***

Албанияда бүгін күші 6,4 балдық жер сілкінісінің салдарынан үш адам қаза тауып, 100-ден астамы зардап шеккен. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Дуррес қаласына жақын орналасқан бірнеше ғимарат қираған. Ел астанасы Тирана да да дүмпу сезілген. Зілзала жергілікті уақытпен таңғы сағат 04.00 кезінде тіркелген. АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, жер сілкінісі кіндігі Тиранаға жақын орналасқан Шиджак қаласынан солтүстік-батыс бағытта 10 шақырым жерде орналасқан.

***

28 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтетін Еуропа Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясындағы «Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынын «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Қос команданың Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы алғашқы кездесуі «Олд Траффордта» өтіп, 1:0 есебімен «қызыл сойқандардың» пайдасына шешілген еді. Турнирлік кестеде «Манчестер Юнайтед» 10 ұпаймен топ бастап тұрса, елордалық клубтың еншісінде әзірге ұпай жоқ. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:50-де басталады. Кездесуді сонымен қатар qazaqstan.tv cайты мен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалауға болады.

https://astana.fm/kz/archive/programs/adebi-sazdy/zhanalyqtar/1051002