Нұрболат Абдуллин & Мәдина Сәдуақасова – «Сезім бал» (2019)


11:20, 11 наурыз 2019   56

Жылжымас күндерді санай,

Мен жүрмін жолыңа қарай.

Сүйіктім, сен де мені ойлап,

От болып жандың ба талай.

Ақ бұлтқа шақырып арман,

Ғажайып күйге енді бар маң.

Көзімнен ізде сөзімді,

Өзіңе айта алмай қалған.

 

Қайырмасы:

Сезім бал, сезім бал, сезім бал,

Жанарымда, жанымда да өзің қал.

Сөзің бал, сөзің бал, сөзің бал,

Жүрегімді ұсынайын тонамай-ақ тегін ал.

 

Айналдың бақыт құсына,

Жетесің гүліңді ұсына.

Сен менің тағдырымдағы,

Айналдың сағынышыма.

Көздерің мені тонады,

Жауладың неге сананы?

Алыстап кете алмай сенен,

Өртеніп жүрек барады.

Астана радиосы