«Айка» фильмі Бельгияда кинопрокатқа шықты

10:20, 3 мамыр 2019   199

Басты рөлде қазақстандық актриса Самал Еслямова ойнайтын Сергей Дворецкийдің «Айка» фильмі Бельгияда кинопрокатқа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Айка» драмасы бұған дейін Еуропаның бірнеше елінде көрсетілген. Бұл фильмді Германия, Польша, Португалия, Франция және Швеция көрермендері тамашалады. Брюссельдің ең ежелгі кинотеатрларының бірі саналатын Cinema Palace бейсенбі кешкісін көрермендерге толы болды.

«Айка» фильмін 16 және 24 мамырда Нидерланд пен Аустрия көрермендері тамашалайды.