Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі өтеді

09:36, 30 сәуір 2019   181

Алматыда 25-26 мамыр күндері The Spirit of Tengri атты халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Ғаламат шоу дәстүр бойынша Республика сарайының алдындағы Абай алаңында ұйымдастырылады. Көрермендер Өзбекстан, Эстония, Украина, Мажарстан, Испания, Үндістан, Алжир, Грузия, Мысыр, Иран, АҚШ және Қазақстан ұжымдарының өнерін тамашалай алады.

Алматылықтар жәрмеңке аралап, этникалық шеберлер қалашығын аралай алады, жәрмеңкеден аты аталған елдердің ұлттық киімдері мен музыкалық аспаптарын сатып ала алады. Концерт real-time режимінде кең форматты LED-дисплейлерінде таратылып, онлайн-алаңдарда тікелей эфирге шығады.