Бейбітшілік және келісім сарайында «Еркін жүректердің самғауы» атты концерт өтеді

18:33, 24 сәуір 2019   219

Бейбітшілік және келісім сарайында М. Горький атындағы театр С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров және Сүгір жырау шығармаларына негізделген музыкалық-поэзиялық композиция көрсетіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 2019 жылы еліміздің мәдени қоғамы ХХ ғасырдың ұлы ақындары мен жазушылары - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сүгір жыраудың 125 жылдығын атап өтеді.

М. Горький атындағы орыс драма театры осы күнге орай «Еркін жүректердің самғауы» музыкалық-поэзиялық композициясын дайындады.

Шара 2 мамырда сағат 19:00-де өтеді.