Дмитрий Баландин Токио Олимпиадасына жолдама алды

11:22, 29 сәуір 2019   159

Қазақстандық жүзу шебері Дмитрий Баландин Токио Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық олимпиада комитетінен түскен мәліметке қарағанда, Д.Баландин Халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) Champions Swim Series атты жаңа турниріне қатысты. Әлемдік жарыстың бірінші кезеңі Гуанчжоуда өтті. Брасс әдісімен 200 метрге жүзу сайысында қазақстандық спортшы 2:09.37 нәтижемен төртінші орынға ие болды. А нормативінің уақыты - 2:10.35. Осылайша Д.Баландин жолдаманы жеңіп алды.