Елордада ашық аспан астында концерт өтеді

10:38, 3 мамыр 2019   262

Нұр-Сұлтан қаласында 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі күні 5 сағаттық ашық аспан астындағы мерекелік концерті өтеді.

Мерекелік концерт қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда би кеші (дискотека) форматында өтеді. Ән кешіне Мәдина Сәдуақасова, Бейбіт Қошқалиев, Ayree, «Заман» және «3038» тобы және Раим мен Артур қатысады. 

Концерт сағат 17:00-де басталады. Айта кетсек, шара қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылады.