Елордада жылу беру 4 мамырда тоқтатылады

08:14, 3 мамыр 2019   110

Қазіргі уақытта елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, егер көшедегі ауа температурасы 5 тәулік бойы 10 градустан жоғары болса, жылу беру тоқтатылады.  «Қазіргі уақытта елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Қаланың энергетикалық компанияларының үйлесімді жұмысының арқасында жылу беру кезінде елеулі апаттар мен 1-ші дәрежелі істен шығу оқиғалары болған жоқ. Бұл мәселе күн сайын бақылауда тұр. Жылу беру кезеңі 2019 жылдың 4 мамырында аяқталады», – делінген ведомствоның хабарламасында.