Елордалық ардагерлерге қандай құрмет көрсетіліп жатыр?

17:58, 8 мамыр 2019   165

Жеңіс күнін мерекелеу аясында соғыс ардагерлері мерекелік азық-түлік пакеттері мен қосымша ақшалай төлемдерді алады, деп хабарлайды әкімдіктің сайты.

9 Мамыр – бұл ардагерлер мерекесі. Осынау мереке қарсаңында барлық ұйымдар мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында кездесулер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Жастардың қатысуымен патриоттық шерулер, дәрістер, кездесулер және тақырыптық көрмелер өтетін болады. Елордада жалпы 100-ден астам іс-шара жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта елордада 50 мыңнан астам зейнеткер, оның ішінде ІІ Дүниежүзілік соғыстың 71 қатысушысы және 2817 тыл еңбеккерлері тұрады. Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу аясында соғысына қатысқан 71 адам 519 мың теңге алады; ІІ Дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша 332 адам - 22 725 (9 АЕК) теңге алады; 3 519 адам - соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша тең санатқа жататын адамдар, 11 363 теңге (4,5 АЕК) алады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.