Qazaq radiosy «Нұрлы жол» вокзалында концерт өткізеді

16:19, 30 сәуір 2019   262

Ертең сағат 13:00-де «Нұрлы жол» вокзалында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Qazaq radiosy-ның ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтеді.

Бірлігі жарасқан көпұлтты мемлекетіміздің мерейін асырар мерекелік концертте Құрмаш Маханов, Индира Расылхан, Ерлан Рысқали, Зарина Омарова, Шахаризат Сейдахмет, Аяулым Қамажан, Айбек Бекбосынов, Ләйлә Исаева, Оралхан Алтынбеков, Рухия Байдүкенова сынды танымал әншілер және «Дара» дуэті өнер көрсетеді.

Ал, танымал радиожүргізушілер Ертас Жақыпбай мен Айгерім Оралбекқызы Qazaq radiosy-ның көшпелі студиясынан тікелей эфирге шығып, сазды-сауықтық мерекелік бағдарламаны тыңдармандар назарына ұсынады.

Концерт барысында көрермендермен сан алуан ойындар өткізіліп, белсене қатысқандарға естелік сыйлықтар табысталады.