Суда серуендеу маусымы 20 мамырда басталады

18:30, 6 мамыр 2019   344

Теплоходтармен  суда серуендеу маусымын ашу 20 мамырға жоспарланып отыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Осы суда жүзу маусымына алты жолаушы теплоходы мен екі қосалқы қайық қатысады.

Суда серуендеудің бағдары өзгерген жоқ. Көліктер Сарыарқа көпірінен «Ақорда» резиденциясына дейін жүріп өтеді. Жол ұзындығы шамамен тоғыз шақырымды құрайды. Осы жылы кемелердің  қозғалысының кестесі де өзгермеді –  сағат 12:00-ден 21:00-ге дейін. Су көлігі тек қолайсыз ауа-райы мен қатты жел кезінде жұмыс істемейді.

«Қазіргі кезде біз кемелер өз жолдарымен бөгетсіз жүру үшін өзен арнасын тазалау бойынша жұмыстарды атқарып жатырмыз. Сонымен қатар, техника дайындалып жатыр. Себебі навигация маусымының басталуына қажетті шарт ретінде техникалық сараптамадан өту және суда жүзуге  рұқсат алу керек», - деді «ЖасНұр» МКҚК ӨШК директорының орынбасары Мұратбек Қадырбаев.