Түркістан облысында «Ұлы дала ізімен» атты анимациялық фильмдер апталығы өтіп жатыр

09:54, 26 сәуір 2019   249

Көрсетіліп жатқан мультфильмдердің барлығы осы аймақта дайындалған. Апталықты өткізудегі мақсат – мықты тұлғалар бен киелі жерлер жайлы ақпарат беру, тарихымызды жаттату, ұлттық кодты қалыптастыру.

Шара барысында «Ордабасы - бірлік туы», «Оқсыз оқиғасы» анимациялық фильмдері алғаш рет көрерменге жол тартады.