Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді

10:56, 12 сәуір 2019   121

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Лос-Анжделесте өтетін кеште отандасымыз WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері үшін таласады. Кездесу 10 раундқа жоспарланған. 

Жәнібектің қарсыласы - кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген тәжірибелі мексикалық боксшы Кристиан Оливас.