«Қазақ радиоларының» қызметкерлері бір күндік жалақысын қайырымдылыққа жұмсайды

10:49, 11 ақпан 2019   83

Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Құрманбек Жұмағали «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді. Бір ғасырлық тарихы бар Қазақ радиосы осы уақытқа дейін 55 млн-ға жуық қаражатпен мұқтаж жандарға көмек көрсеткен.

11 ақпаннан бастап «Қазақ радиолары» қайырымдылық марафонын жариялайды. Шара 28 ақпанға дейін жалғасады.

«Бүгіннен бастап «Қазақ радиолары» ЖШС-ның қызметкерлері бір күндік жалақысын қайырымдылыққа жұмсайды. Осы бастама арқылы барлық қазақстандықтарға үндеу тастасақ деген ойымыз бар. Осы ниетті ұлттық компаниялар, мемлекеттік мекемелер, бизнес қауымдастығы, шағын және орта бизнес өкілдері қолдаса дейміз. Қазақ қашанда мәрттігін жоғалтпаған. Елімізде көмекке зәру жандар көп. Соларға көмектесу керекпіз», - деді Құрманбек Жұмағали.

 

Астана радиосы