«МЫҢ АЛҒЫС!» қайырымдылық акциясы

15:49, 11 ақпан 2019   409

«QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі 11-28 ақпан аралығында қайырымдылық акциясын өткізеді. Серіктестікке қарасты «SHALQAR», «ASTANA», «CLASSIC» және «QAZAQ RADIOSY» елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары мен меценаттарды арнайы хабарларға шақырып, қайырымдылыққа үндеуді бастайды. Арнайы құрылған қорға жиналған қаражат көмекке мұқтаж жандарға «Мың алғыс» концертінде табысталады.

«QAZAQ RADIOLARY» өзінің ғасырға жуық тарихында тұтас бір ұлттың тіршілік тінін, қайталанбас рухани болмысын ұлағаттап келеді. Ұлт мәдениетін сыр-жұмбаққа толы сұлу тұрпатында таныта білген қарашаңырақ ізетті істердің бірі – қайырымдылыққа да қырын қарамаған. Соның бір куәсі – «Мың алғыс» қайырымдылық концерті. Бұл үнжарияның дәстүріне айналған шуақты да шарапаты мол шараларының бірі. Дәстүрлі жоба биыл Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге ұйымдастырылады. Мақсат – мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, түрлі себептермен бір-бірінен көз жазып қалған жақындардың табысуына себепкер болу. Сонымен қатар, айналасына қарайласып, қайырым үлгісін көрсетіп жүрген жомарт жандардың игі ісін көпке үлгі ету. Қайырымдылық акциясының қорытынды концерті 1 наурызда «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтеді.