Нұр-Сұлтанда Борис Керімбаев туралы деректі фильмнің премьерасы өтті

11:04, 14 мамыр 2019   321

Елордадағы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде Ауған соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-жасақ командирі Борис Керімбаев туралы деректі фильмнің премьерасы өтті.

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірген фильмнің көрсетіліміне Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері, Ауған соғысының ардагерлері қатысты.

Ел ішінде «Қара майор» атанып кеткен тұлға жайындағы толықметрлі деректі туындының сценарий авторы және тең режиссері – Әсет Ерназаров пен Ғазиз Насыров.

Режиссерлердің айтуынша, аталған туындыны түсіру барысында негізінен архив материалдары мен соғыс ардагерлерінің естеліктеріне басымдық беріліпті.

Egemen.kz